Назар аударыңыз! Қаңтар ҰБТ-ға 1-15 желтоқсан аралығында өтініш беру! » Инновациялық Еуразия Университеті
» » Назар аударыңыз! Қаңтар ҰБТ-ға 1-15 желтоқсан аралығында өтініш беру!
05 декабря 2019

Назар аударыңыз! Қаңтар ҰБТ-ға 1-15 желтоқсан аралығында өтініш беру!

Назар аударыңыз! Қаңтар ҰБТ-ға 1-15 желтоқсан аралығында өтініш беру! Құжаттарды қабылдауды ИнЕУ жанындағы Ұлттық тестілеу орталығының филиалы жүзеге асырады.

Мекенжайы: Ломов көшесі, 45, каб. 111.
Жоғары оқу орындарына қабылдау үшін Ұлттық бірыңғай тестілеу 2020 жылғы 15-20 қаңтар аралығында ақылы негізде жүргізілетін болады. Бағасы - 2 242 теңге.

ҰБТ өткізіледі:

✔ орта білім беру ұйымдарының бітіруші сынып оқушылары үшін;
✔ бірінші академиялық кезең аяқталғанға дейін ақылы негізде күндізгі оқу нысаны бойынша жоғары оқу орындарына қабылданған студенттер;
✔ жоғары оқу орнында шығармашылық дайындықты талап ететін білім беру бағдарламалары тобы бойынша және басқа білім беру бағдарламалары топтарына ауысқысы келетін оқушылар.

Алдын ала сайтта тіркелуге болады ent.testcenter.kz