2021-2023 жылдарға арналған ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық жобалар бойынша жас ғалымдарды гранттық қаржыландыруға арналған конкурс өткізу туралы хабарландыру » Инновациялық Еуразия Университеті
» » 2021-2023 жылдарға арналған ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық жобалар бойынша жас ғалымдарды гранттық қаржыландыруға арналған конкурс өткізу туралы хабарландыру
29 июня 2020

2021-2023 жылдарға арналған ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық жобалар бойынша жас ғалымдарды гранттық қаржыландыруға арналған конкурс өткізу туралы хабарландыру

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі (бұдан әрі-ҚР БҒМ) ғылымды дамытудың басым бағыттары бойынша 2021-2023 жылдарға арналған ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық жобалар (іргелі және қолданбалы ғылыми зерттеулер) бойынша конкурс өткізетіні туралы хабарлайды:

  • Су ресурстарын, жануарлар мен өсімдіктер әлемін ұтымды пайдалану, экология;
  • Геология, минералды және көмірсутекті шикізатты өндіру және қайта өңдеу, жаңа материалдар, технология, қауіпсіз бұйымдар мен
  • конструкциялар;
  • Энергетика және машина жасау;
  • Ақпараттық, коммуникациялық және ғарыштық технологиялар;
  • Жаратылыстану ғылымдары саласындағы ғылыми зерттеулер;
  • Өмір және денсаулық туралы ғылым;
  • Білім және ғылым саласындағы зерттеулер;
  • Әлеуметтік және гуманитарлық ғылымдар саласындағы зерттеулер;
  • Агроөнеркәсіп кешенін тұрақты дамыту және ауыл шаруашылығы өнімдерінің қауіпсіздігі;
  • Конкурстық құжаттамаға сәйкес Ұлттық қауіпсіздік және қорғаныс және мамандандырылған ғылыми бағыттар бойынша


Конкурстық құжаттама ҚР БҒМ сайтында орналастырылған
(https://www.gov.kz/memleket/entities/edu) және Ғылым комитетінің сайтында (https://www.gov.kz/memleket/entities/sc).

Конкурстық құжаттама және өтінімді ресімдеу бойынша түсіндіруді жүзеге асыратын жауапты тұлға:

  • Елшибеков Ренат, телефон 8 (7172) 74-19-04, 74-20-29, 74-24-68,
  • қаржы мәселелері бойынша – Шаймагамбетов Еркин, телефон - 8 (7172) 74-16-53, 74-27-64,74-24-56,
  • заң мәселелері бойынша – Можанова Альбина 8 (7172) 74-24-67. Callcenter– 1450.

Жұмыс уақыты: дүйсенбі - жұма,  сағ: 9:00 – 18:30, түскі ас сағат 13:00 – 14:30.

«НЦГНТЭ» АҚ ақпараттық жүйесімен жұмыс істеу бойынша Call center (is.ncste.kz) өтініштерді тіркеу және ИРН алу үшін: 8-727-355-50-01 (ішкі. 210, 216, 217, 218, 219, 221, 224, 226, 227, 228, 229, 231, 232, 233, 234, 235, 236). Жұмыс уақыты: дүйсенбі - жұма, сағат 9:00 – 18:30, түскі ас сағат 13:00 – 14:30.

Конкурстық өтінімдер ҚР БҒМ Ғылым комитетіне электронды түрде, жобаның ғылыми жетекшісі мен өтініш берушінің электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған, « НЦГНТЭ» АҚ ақпараттық жүйесі арқылы сілтеме бойынша беріледі:  https://is.ncste.kz 

Өтінімдерді қабылдау - 2020 жылдың 7 шілдесінен басталады.

Өтінімдерді берудің соңғы мерзімі - 2020 жылғы 21 тамыз (қоса алғанда).

Конкурстық құжаттаманы жүктеп алу


www.gov.kz