» Конкурстар мен конференциялар

Конкурстар мен конференциялар

Жыл сайын сәуірдің бірінші аптасында Қазақстан Республикасы Кіші ғылым академиясының Павлодар бөлімі Инновациялық Еуразия университетімен бірлесіп «Білім мен ғылым интеграциясы – болашаққа нық қадам» атты ғылыми-практикалық конференция өткізеді.

«Білім мен ғылымның интеграциясы – болашаққа нық қадам» атты кезекті ғылыми-практикалық конференция 2020 жылғы 9-10 сәуірде өтеді.

Қатысушыларды тіркеу және конференцияға баяндамалар онлайн режимінде 1 ақпаннан бастап 24 ақпанға дейін жүзеге асырылады.

Конференция жұмысына қатысуға Инновациялық Еуразия университетінің, Қазақстанның басқа да жоғары оқу орындарының студенттері, сонымен қатар мектеп, колледж бен лицей оқушылары шақырылады. Жұмыс тілдері: қазақ, орыс, ағылшын және неміс тілдері.

Конференцияға қатысу үшін өтінімдер жаратылыстану, техникалық, гуманитарлық және қоғамдық ғылымдар бойынша қабылданады.


Қосымша ақпаратты ғылыми-ұйымдастыру жұмыстар бөлімінен білуге болады. Мекенжайы: Павлодар қ., Ломов к-сі, 45, 107-каб. Тел.: 8 (7182) 31-64-83. e-mail: unir@ineu.kz


Инновациялық Еуразия университеті «ХХІ ғасырдағы ғылым және білім: Еуразиялық кеңістіктегі даму серпіні» V Халықаралық ғылыми-практикалық конференциясын өткізуді жоспарлап отыр.

«ХХІ ғасырдағы ғылым және білім: Еуразиялық кеңістіктегі даму серпіні» ғылыми-практикалық конференциясы 2020 жылдың 23-24 сәуірінде өтеді.

  Қатысушыларды тіркеу және конференцияға баяндамалар онлайн режимінде 1 ақпаннан бастап 28 ақпанға дейін жүзеге асырылады.

Толығырақ ақпарат кейінірек ИнЕУ сайтында орналастырылады.


Қосымша ақпаратты халықаралық ынтымақтастық бөлімінен алуға болады, тел .: 8 (7182) 67-30-66




* * * *

Обратная связь

* * * * * *

Қосымша ақпартты Павлодар қ., Ломов к-сі, 45, 1-ғимарат, 115-каб. мекенжайы бойынша алуға болады. Тел.: 8 (7182) 67-37-37

call@ineu.kz