» Үйірмелер

Үйірмелер


Жыл сайын сәуірдің бірінші аптасында Қазақстан Республикасы Кіші ғылым академиясының Павлодар бөлімі Инновациялық Еуразия университетімен бірлесіп «Білім мен ғылым интеграциясы – болашаққа нық қадам» атты ғылыми-практикалық конференция өткізеді.

«Білім мен ғылымның интеграциясы – болашаққа нық қадам» атты кезекті ғылыми-практикалық конференция 2020 жылғы 9-10 сәуірде өтеді.

ИнЕУ-дің сайтында қатысушыларды тіркеу 2020 жылдың 24 ақпанына дейін ашық болады.

Конференция жұмысына қатысуға Инновациялық Еуразия университетінің, Қазақстанның басқа да жоғары оқу орындарының студенттері, сонымен қатар мектеп, колледж бен лицей оқушылары шақырылады. Жұмыс тілдері: қазақ, орыс, ағылшын және неміс тілдері.

Конференцияға қатысу үшін өтінімдер жаратылыстану, техникалық, гуманитарлық және қоғамдық ғылымдар бойынша қабылданады.


Қосымша ақпаратты ғылыми-ұйымдастыру жұмыстар бөлімінен білуге болады. Мекенжайы: Павлодар қ., Ломов к-сі, 45, 107-каб. Тел.: 8 (7182) 31-64-83. e-mail: unir@ineu.kz


* * * *

Обратная связь

* * * * * *

Қосымша ақпартты Павлодар қ., Ломов к-сі, 45, 1-ғимарат, 115-каб. мекенжайы бойынша алуға болады. Тел.: 8 (7182) 67-37-37

call@ineu.kz