Біліктілікті жетілдіру институты
» » Біліктілікті арттыру институты

Біліктілікті арттыру институты


«Жетілдіру – өзгеру дегенді,

мінсіз болу – жиі өзгеруді білдіреді».

Уинстон Черчилль

Құрметті сайт қонақтары!


Сіздерді Инновациялық Еуразия университетінің Біліктілікті арттыру институтының ресми сайтына шақырамыз.


Институттың негізгі мақсаты үздіксіз кәсіби даму жүйесін құру, әртүрлі қызмет салаларында мамандардың кәсіби құзыреттілігін арттыру және олардың біліктілік деңгейіне қойылатын талаптардың артуына байланысты теориялық және тәжірибелік білімдерін жаңарту болып табылады.

Біздің мақсатымыз - ИнЕУ-дің жетекші оқытушылары мен шақырылған мамандардың семинар, тренинг, мастер-кластар өткізу арқылы ғылым мен техниканың тиісті салаларындағы жаңа жетістіктер, отандық және шетелдік озық тәжірибе туралы білім алуда мамандардың қажеттілігін қанағаттандыру.


Іскери ынтымақтастық шеңберінде Институт ИнЕУ консорциумының оқытушылары мен қызметкерлеріне, білім беру ұйымдарының, экономикалық, заң, техникалық бағыттағы мамандарына оқытудың түрлі нысандары бойынша (күндізгі, қашықтықтан (online, off-line) және икемді сабақ кестесі бойынша біліктілігін арттыруды ұсынады.


Институт педагогтары жоғары, республикалық және халықаралық деңгейдегі сертификаттарға ие, оқытудың заманауи технологияларын пайдалана отырып семинарлар мен тренингтер өткізу тәжірибесі бар мамандар болып табылады.


Біз әрдайым Сіздің одан әрі дамуы үшін жаңа мүмкіндіктер іздеуде боламыз және жеткен жетістігіңізге тоқтамаймыз, өйткені біліктілікті арттыру курстарынан өткеннен кейін Сіз құнды тәжірибе, тиімді әдістемелер, тәжірибелік дағдылар, кәсіби құзыреттіліктердің иесі боласыз. Сіздерді біздің ресми сайтымызда әрдайым көруге шын жүректен қуаныштымыз және ұсынылып отырған біліктілікті арттыру курстары туралы ақпаратты алған әрбір адам біздің тыңдаушымыз болатынына сенімдіміз. 

Шакарманова Майжан Пшенбаевна
Біліктілікті арттыру институтының директоры
Мекен-жайы: Павлодар, Ломов 45 көшесi, 109 каб
E-mail:
odoik@ineu.kz

Тел.: 67-35-35, 8(705)333-67-63, 8(707)786-54-47.

Сайт: ipk.ineu.kz

+7 (700) 956-98-91
Қабылдау комиссиясы

Павлодар қаласы, Ломов көшесі 45

Пайдалы сілтемелер