Аймақтық ынтымақтастық
» » Аймақтық ынтымақтастық

Аймақтық ынтымақтастық

ЖОО ұйымдастырған «Корпоративті университет» аймақтық оқу-ғылыми-өндірістік консорциумы аймақтың білім беру, ғылыми мекемелері мен бизнес-құрылымдарын біріктіреді.

Мұндай ынтымақтастық ЖОО-ның нарықтық экономика жағдайларында неғұрлым қарқынды дамуына ықпал етеді және кадрларды кәсіпорынның немесе ұйымның тапсырысы бойынша мақсатты даярлауды жүзеге асыруға мүмкіндік береді.

Білім берудегі сабақтастық қағидасын тәжірибе жүзінде іске асыруға аймақ мектептерімен жүргізілетін «Мектеп-ЖОО» бағдарламасы аясындағы ынтымақтастық көмектеседі.

Мектептер студенттердің кәсіби тәжірибеден өту базасы және ғылымның түрлі салаларында қолданбалы зерттеулер жүргізу алаңы болады.

Жұмыс берушілермен ынтымақтастықта болу университетке қазіргі еңбек нарығының талаптарына сәйкес мамандар даярлауға мүмкіндік береді.

ИнЕУ-дің Қамқоршылық кеңесінің құрамында – бизнес-құрылымдардың, аймақтың мемлекеттік органдары мен қала құрылысы кәсіпорындарының басшылары, олар жоғары оқу орнының білім беру сапасын бағалайды, дарынды студенттерге әлеуметтік қолдау көрсетеді.

+7 (700) 956-98-91
Қабылдау комиссиясы

Павлодар қаласы, Ломов көшесі 45

Пайдалы сілтемелер