ЕМВА, МВА бағдарламасы
» » ЕМВА, МВА бағдарламасы

ЕМВА, МВА бағдарламасы

ИнЕУ-дің ЕМВА, МВА бағдарламасының презентациясы


ЕМВА, МВА дәрежесі бүкіл әлемде, соның ішінде Қазақстанның барлық бизнес-құрылымдарында сұранысқа ие. 
Кез келген экономика, оның ішінде біздің экономика да тиімді басқарушыларды қажет етеді. Сауатты басқарушылар неғұрлым көп болса, соғұрлым кәсіпорындар жұмысынан көп пайда болады, бұл еліміздің бәсекеге қабілеттілігінің кепілі.

Ал басқа қырынан алсақ, амбициялы, атаққұмар жастар көбінесе ЕМВА, МВА-мен қызықты, келешегі бар, абыройлы жұмысқа орналасу үміттерін байланыстырады. Қоғам мен жас басқарушының бір-біріне өзара мүдделілігі «Мaster of Вusiness Аdministration» дәрежесін соншалықты сұранысқа ие қылады.
“Менеджерлік сапа белгісі” бар маман бірден көпшіліктен ерекшеліп тұрады және кез келген жағдайда еңбек жолында өсу үшін қолайлы мүмкіндіктермен қамтамасыз етеді. ЕМВА, МВА дәрежесін алу негізгі пәндердің кең спектрін зерделеуді талап етеді және бизнеске кең көзқарас қалыптастырады, ал бұл қандай салада болсын, кез келген компанияны басқаруға мүмкіндік береді. ЕМВА, МВА дипломы бар маман еңбек нарығында бәсекеге қабілетті болады, бұл диплом оның таңдау мүмкіндіктерін кеңейтеді. ЕМВА, МВА – сіздің бостандығыңыздың қосымша дәрежесі. Қазақстанда да, шет елде де құрметпен қарайтын ЕМВА, МВА-дің беделді дипломын Павлодарда алуға болады.
МВА (Іскери Әкімшілік ету Магистрі) дәрежесі – бұл академиялық дәреже, ол кәсіби басқару саласында білім алған, дипломы бар мамандарға беріледі. МВА дәрежесі тиімді басқаруға, стратегиялық перспективаларды көруге және қойылған мақсаттарға жетуге мүмкіндік береді.

Сіз күрделі шешім – бос уақытыңызды Іскери Әкімшілік ету Магистрі (МВА) бағдарламасында оқуға арнау туралы шешім қабылдағалы тұрсыз. Сізге біздің ақпаратпен танысуды ұсынамыз және де Инновациялық Еуразия университеті – Сіздің мансабыңыздың мақсаттарына жауап беретін мектеп әрі оларды жүзеге асыруға ықпал етеді дегенге сенімдіміз.



Қосымша ақпаратты төмендегі мекенжай бойынша алуға болады: Павлодар қ., Ломова к-сі, 45, 127 офис, 

тел.: 8-701-759-93-42, Нарынбаева Айна Сериковна, e-mail: mba@ineu.kznarynbaeva@mail.ru.

МАНСАП ЖАСАЙТЫН ЖӘНЕ ЖАҢА БЕЛЕСТЕР АШАТЫН КЕЗ! 
ИнЕУ-дің МВА бағдарламаларында кездескенше!

+7 (700) 956-98-91
Қабылдау комиссиясы

Павлодар қаласы, Ломов көшесі 45

Пайдалы сілтемелер