» » ХI Республикалық студенттік пәндік олимпиада
22 апреля 2019

ХI Республикалық студенттік пәндік олимпиада

image-22-04-19-02-3619-20 сәуір аралығында Қазақ ұлттық аграрлық университетінде Қазақстан Республикасы жоғары оқу орындарының студенттері арасында XI Республикалық студенттік пәндік олимпиада өтті. Конкурсқа республиканың 10 өңірінде 15 жоғары оқу орнынан 212 студент және 64 жетекші маман қатысты.


ХI Республикалық студенттік пәндік олимпиадасы 15 мамандық бойынша өткізілді. Олимпиада 2 кезеңнен тұрды: компьютерлік тестілеу мен қолданбалы және ситуациялық есептерді шығару.
Олимпиаданың қорытындысы бойынша біздің команда 5В080200 - «Мал шаруашылығы өнімдерін өндіру технологиясы» мамандығы бойынша үшінші орын алды және ҚазҰАУ дипломымен марапатталды. ІІІ дәрежелі жеке біліктілікте ТПП-302 тобының студенті Карим Аида марапатталды.
Қазақ ұлттық аграрлық университетінің ректоры атынан біздің университетке XI Республикалық пәндік олимпиадада командалардың белсенді қатысқаны үшін алғыс хат жіберілді. 
image-22-04-19-02-36-1 image-22-04-19-02-36-2

img296
Біз де ИнЕУ атынан  5В080200 - «Технология производства продуктов животноводства»  және  - 5В120200«Ветеринарная санитария» мамандығының студнттерінің белсенділігі үшін мен олимпиада жеңімпаздарына және  жетекшісі болған «Ауыл шаруашылығы және биоресурстар» кафедрасының аға оқытушысы Абен Серік Каршыгаевичке алғысымыз шексіз. 

"Ауыл шаруашылығы және биоресурстар" кафедрасы
Аккенже Омарова