Шетелдік серіктестер
» » Шетелдік серіктестер

Шетелдік серіктестер

Қызмет еткен 30 жыл ішінде Инновациялық Еуразия университеті халықаралық ынтымақтастық саласында көптеген нәтижелерге қол жеткізіп, қазіргі кезде Қазақстан Республикасынан тысқары жерлерде де кеңінен танымал.

Ынтымақтастық туралы шарттар шеңберінде тараптар жүйелі түрде ақпарат алмасып, ғылыми және білім беру қызметін ғылыми-әдістемелік қамтамасыз етуде бір-біріне жәрдемдеседі, ОПҚ біліктілігін жетілдіруде, ғылыми жұмыстарды жариялау, студенттер, магистранттар мен аспиранттар алмасуда өзара көмек көрсетеді, оқытушыларға, қызметкерлер мен студенттерге ғылыми тағылымдамадан өту мүмкіндігін ұсынады.

Халықаралық қорлар қаржыландыратын оқу және біліктілікті жетілдірудің халықаралық бағдарламаларына жыл сайын ИнЕУ-ден 90-ға жуық оқытушы мен студент қатысып тұрады. Университет студенттері, магистранттары мен оқытушылары «Еуразия», «Сорос-Қазақстан», ДААД академиялық алмасудың немістік қызметі; IAESTE инженерлік мамандықтар бойынша студенттік тағылымдамалардың халықаралық қауымдастығы; Британдық кеңес; халықаралық зерттеулер мен алмасу жөніндегі кеңес (IREX); АҚШ ақпараттық агенттігі (USIS); Еуропалық Одақ — TEMPUS қорларының әртүрлі халықаралық білім беру бағдарламаларына қатысып, Германия, АҚШ, Ұлыбритания, Түркия, Ресей, Венгрия, Польша елдерінде оқып, тағылымдамадан өтеді.

ИнЕУ-дің халықаралық ынтымақтастығын дамыту және кеңейту:

  • Университеттердің Әлемдік Хартиясының мүшесі (The Magna Charta Observatory), Болонья, Италия
  • ИнЕУ Халықаралық Білім беру институтының (IIE Network) мүшесі, Нью-Йорк, АҚШ;
  • ИнЕУ Орталық және Шығыс Еуропадағы NISPAcee Көпшілік Әкімшілік ету Институттары мен Мектептер Желісінің мүшесі ИнЕУ;
  • ИнЕУ является членом Образовательной сети EdNet;
  • ИнЕУ Орталық-Азиялық CAMAN менеджментті дамыту қорының мүшесі;
  • 2004 ж. қарашада «БИЗНЕС және менеджмент» факультеті мамандандырылған аккредиттеуден өту бойынша жобаға СAMEQ ұйымының сертификаты берілетін грант жеңіп алды. Нәтижесінде «Бизнес және менеджмент» факультеті 2005 ж. наурызда халықаралық аккредиттеуден сәтті өтіп, СAMEQ ұйымының сертификатын алды;
  • ИнЕУ-дің Аймақты тұрақты дамыту ҒЗИ Қазақстан бағалаушылары қауымдастығының және ТМД елдерінің бағалаушылары қауымдастығының мүшесі, онда Қауымдастық төрағасы - В.М. Елисеев;
  • ИнЕУ-дің Аймақты тұрақты дамыту ҒЗИ Стандарттар және бағалау жөніндегі халықаралық комитеттің мүшесі, Лондон, Ұлыбритания;
  • халықаралық бөлімнің қызметкерлері Ресейдің Омск қаласында өтетін Халықаралық білім күндері аясындағы халықаралық көрмеге жыл сайын қатысады;
  • ИнЕУ – USAID Американдық Агенттігі қаржыландыратын «Кәсіпкерліктің жаһандық мониторингі» әлемдік зерттеуінің ресми мүшесі болып атанған Қазақстандағы жалғыз университет.
+7 (700) 956-98-91
Қабылдау комиссиясы

Павлодар қаласы, Ломов көшесі 45

Пайдалы сілтемелер