Ғылыми-зерттеу қызметі
» » Ғылыми-зерттеу қызметі

Ғылыми-зерттеу қызметі

Ғылыми ұйымдастыру жұмыстар бөлімінің негізгі міндеттері:

  • Инновациялық Еуразия университетінің (ИнЕУ) бекітілген жоспары бойынша өткізілетін ғылыми-зерттеу және тәжірибелі-құрылымдық жұмыстарды (ҒЗТҚЖ) ұйымдастыру және үйлестіру;
  • ИнЕУ оқытушылары, студенттері, магистранттары мен докторанттарының инновациялық жобаларын іске асыруда көмектесу;
  • ИнЕУ-дің құрылымдық бөлімшелерінде өткізлетін ғылыми зерттеулер мен әзірлемелерге университеттің және басқа да ЖОО (шетелдік ЖОО қоса) оқытушылары, студенттері, магистранттары мен докторанттарының әртүрлі формада қатысуының негізінде ғылыми, ғылыми-техникалық және білім беру қызметін біріктіру;
  • Жаңа техника мен технологияны, жаңа ғылыми және оқу әдістемелері мен әдіснамаларын әзірлеуге көмектесу, кеңес беру сипатындағы қызметтер көрсету;
  • ИнЕУ-де өткізілетін ғылыми-зерттеу және тәжірибелі-құрылымдық жұмыстардың нәтижелерін өндіріске және оқу үрдісіне енгізу;
  • ИнЕУ оқытушыларын, тағылымдамадан өтушілер мен зерттеушілерін, докторанттарын, магистрлерін және студенттерін ғылыми зерттеулер мен әзірлемелерге қатысуға тарту;
  • ИнЕУ оқытушылары, студенттері, магистранттары мен докторанттарына грант, ғылыми стипендия және сыйақы алу мақсатында ғылыми жобалар конкурстарына ұсынылатын құжаттарды дайындауға жірдемдесу;
  • ИнЕУ-де жасалатын зияткерлік меншік нысандарын құқықтық қорғауды қамтамасыз етуге көмектесу;
  • ИнЕУ жоспары бойынша өткізілетін ғылыми конференциялар мен семинарларды ұйымдастыру;
  • ИнЕУ имиджін көтеруге бағытталған ғылыми және инновациялық іс-шараларға қатысу.
+7 (700) 956-98-91
Қабылдау комиссиясы

Павлодар қаласы, Ломов көшесі 45

Пайдалы сілтемелер