ИнЕУ-дің жаңа ректоры жұмысқа кірісті! » Инновациялық Еуразия Университеті
» » ИнЕУ-дің жаңа ректоры жұмысқа кірісті!
25 июля 2019

ИнЕУ-дің жаңа ректоры жұмысқа кірісті!

WhatsApp Image 2019-07-26 at 09.22.43Білім беру ғылымдарының докторы, профессор Жетпісбаева Бақытгүл Асылбекқызы 28 жыл Е.А. Букетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінде жұмыс істеп, 20 жылдан астам уақыт бойы осы жоғары оқу орнының  ең ірі факультетін басқарып - шет тілдер факультетінің деканы болып жұмыс істеп жүріп, оқу, ғылыми және басқару қызметін атқарды. 


Жетпісбаева Б.А. бастамасымен 2008 жылы Қазақстан Республикасында көптілді білім беруді дамыту тұжырымдамасы жасалып, көптілді мамандарды даярлау басталды. Бүгінгі таңда бұл сәтті тәжірибе Қазақстанның университеттерінде кеңінен таралған.
Профессор Жетпісбаева Б.А. ғылыми қызығушылығына  көптілді білім берудің теориясы мен әдістемесі сұрақтары енеді, жоғары білімнің лингводидактикасы, педагогикалық инновация және педагогикалық менеджмент сұрақтары бар. 300-ден астам ғылыми еңбектер шығарылды, 2 ғылым кандидаттарын, 5 PhD докторларын, 30-дан астам ғылым магистрлерін дайындады.
 
WhatsApp Image 2019-07-25 at 16.22.15
Жетпісбаева Б.А. "Университеттің үздік оқытушысы" грантының және (2007 және 2011 жж.) ғылым саласындағы мемлекеттік стипендиясының иегері, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Қазақстан Республикасының ғылымын дамытуға сіңірген еңбегі үшін» медалімен, «Қазақстан Республикасы жоғары білімінің дамуына қосқан үлесі үшін» Қазақстан Республикасы университеттері қауымдастығының медалімен марапатталған. «Қазақстан Республикасының білім беру ісінің құрметті қызметкері», К.А.Букетов атындағы "Қазақстан мемлекеттік университетінің құрметті қызметкері" атағына ие болып, естелік медальдармен, ҚР БҒМ алғыс хаттарымен және грамоталарымен марапатталды.
 

 ИнЕУ-дің баспасөз қызметі.