Жаңа қызметте табыс тілейміз! » Инновациялық Еуразия Университеті
» » Жаңа қызметте табыс тілейміз!
20 мая 2020

Жаңа қызметте табыс тілейміз!

Павлодар облысының энергетика және ТКШ басқармасын ИнЕУ түлегі Ержан Ертаев басқарды – деп хабарлайды аймақ басшысының баспасөз қызметі. Аппарат кеңесі кезінде Павлодар облысының әкімі Әбілқайыр Скаков жаңа басшыны таныстырды.


Ержан Ертаев 1985 жылы туған. 2008 жылы Инновациялық Еуразия университетін «Өнеркәсіптік жылуэнергетика» мамандығы бойынша, ал 2012 жылы «Құқықтану» мамандығы бойынша бітірді.
Еңбек жолын 2006 жылы бастаған. 2009 жылы Павлодар облысы энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасының бас маманы лауазымы бойынша мемлекеттік қызметке түсті.
2013 жылдан 2014 жылға дейін-ҚР Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі Мемлекеттік энергетикалық қадағалау және бақылау комитетінің бас сарапшысы, одан кейін аккредиттеу басқармасының басшысы.
2015 жылы ҚР Энергетика министрлігі Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитеті Аккредиттеу басқармасының басшысы болып тағайындалды.
2015 жылдан бастап 2017 жылға дейін-ҚР Энергетика министрлігі Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитетінің Ақмола облысы бойынша аумақтық департаментінің басшысы, ал 2017 жылдан бастап 2018 жылға дейін - Қарағанды облысы бойынша аумақтық департаментінің басшысы.
Жаңа лауазымға тағайындалғанға дейін ҚР Энергетика министрлігі Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитеті төрағасының орынбасары қызметін атқарды.
Ержан Ертаевқа жаңа қызметте табыс тілейміз!

⠀ 

ИнЕУ баспасөз қызметі
Павлодар облысы әкімінің баспасөз қызметінің ақпараты бойынша
Фото © В. Бугаев