2021-2023 жылдарға арналған ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық жобалар бойынша гранттық қаржыландыруға арналған конкурсты өткізу туралы хабарландыру » Инновациялық Еуразия Университеті
» » 2021-2023 жылдарға арналған ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық жобалар бойынша гранттық қаржыландыруға арналған конкурсты өткізу туралы хабарландыру
10 августа 2020

2021-2023 жылдарға арналған ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық жобалар бойынша гранттық қаржыландыруға арналған конкурсты өткізу туралы хабарландыру

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі (бұдан әрі  - ҚР БҒМ) Конкурстық құжаттамаға сәйкес ғылымды дамытудың басым бағыттары:

  • Су ресурстарын, жануарлар мен өсімдіктер дүниесін ұтымды пайдалану, экология;
  • Геология, минералды және көмірсутек шикізатын өндіру және қайта өңдеу, жаңа материалдар, технологиялар, қауіпсіз бұйымдар мен конструкциялар;
  • Энергетика және машина жасау;
  • Ақпараттық, коммуникациялық және ғарыштық технологиялар;
  • Жаратылыстану ғылымдары саласындағы ғылыми зерттеулер;
  • Өмір және денсаулық туралы ғылым;
  • Білім және ғылым саласындағы зерттеулер;
  • Әлеуметтік және гуманитарлық ғылымдар саласындағы зерттеулер;
  • Агроөнеркәсіптік кешенді тұрақты дамыту және ауыл шаруашылығы өнімдерінің қауіпсіздігі;
  • Ұлттық қауіпсіздік және қорғаныс, және мамандырылған ғылыми бағыттар бойынша 2021-2023 жылдарға гранттық қаржыландыруға арналған конкурс өткізетіні жөнінде хабарлайды.


Конкурстық құжаттама ҚР БҒМ сайтында: (https://www.gov.kz/memleket/entities/edu) және Ғылым комитеті сайтында: (https://www.gov.kz/memleket/entities/sc) орналастырылған. Конкурстық құжаттама және өтінімді рәсімдеу жөнінде түсіндіру жұмысын жүзеге асыруға жауапты тұлға – Елшибеков Ренат, тел. 8 (7172) 74-19-04, 74-20-29, 74-24-68, қаржылық сұрақтар бойынша – Шаймағамбетов Еркін,  тел. 8 (7172) 74-16-53, 74-27-64, заңға қатысты сұрақтар бойынша – Можанова Альбина, тел. 8 (7172) 74-24-67. Call center – 1450. Жұмыс уақыты: дүйсенбі - жұма, сағат 9:00-ден 18:30-ға дейін, түскі үзіліс: сағат 13:00-ден 14:30-ға дейін.

Өтінімдерді тіркеу және ЖТН (жеке тіркеу нөмірі) алу үшін «ҰМҒТСО» АҚ ақпараттық жүйесімен (is.ncste.kz) жұмыс істеу бойынша Call center: 8-727-355-50-01 (ішкі номер 210, 216, 217, 218, 219, 221, 224, 226, 227, 228, 229, 231, 232, 233, 234, 235, 236). Жұмыс уақыты:  дүйсенбі - жұма, сағат 9:00-ден 18:30-ға дейін, түскі үзіліс: сағат 13:00-ден 14:30-ға дейін.

Жоба жетекшісі және өтінім берушінің электрондық цифрлық қолымен расталған конкурстық өтінімдер БҒМ Ғылым комитетіне электрондық түрде «ҰМҒТСО» АҚ ақпараттық жүйесі https://is.ncste.kz сілтеме арқылы беріледі. Өтінімдерді қабылдаудың басталуы – 2020 жылғы 14 тамыздан бастап.

Өтінімдерді қабылдаудың соңғы мерзімі - 2020 жылғы 28 қыркүйек (қоса алғанда).

Конкурстық құжаттама 2021-2023

ИнЕУ-дің баспасөз қызметі

Ақпарат көзі: gov.kz