Инновациялық Еуразиялық университеті студенттерді - Қазақстан, Ресей және Арменияның болашақ кәсіпкерлерін «Онлайн-кәсіпкерлікті ілгерілету» мемлекетаралық онлайн-кездесуге ШАҚЫРАДЫ! » Инновациялық Еуразия Университеті
» » Инновациялық Еуразиялық университеті студенттерді - Қазақстан, Ресей және Арменияның болашақ кәсіпкерлерін «Онлайн-кәсіпкерлікті ілгерілету» мемлекетаралық онлайн-кездесуге ШАҚЫРАДЫ!
03 октября 2020

Инновациялық Еуразиялық университеті студенттерді - Қазақстан, Ресей және Арменияның болашақ кәсіпкерлерін «Онлайн-кәсіпкерлікті ілгерілету» мемлекетаралық онлайн-кездесуге ШАҚЫРАДЫ!


Митап (ағылшын тілінен meetup - қысқа кездесу) - бұл интернет-бизнес жобаларының онлайн-байқауы. Бірінші турдан өткен қатысушыларға тәжірибелі тәлімгер-кәсіпкер тағайындалады. Ол қашықтан жоба тұжырымдамасын қалыптастыруға, презентацияны дайындауға көмектеседі, сонымен қатар сізбен бірге жаттығу жасайды.

Бұдан әрі сарапшылар комитеті ZOOM-дағы жобалардың тұсаукесерлерін қарап, жеңімпазды анықтайды. Үздік жобаларды марапаттау 6 қарашада өтеді.

Жобаларға қойылатын талаптар:

  • Жобаның инновациялық құрамдас бөлігі болуы керек;

  • Жоба жүзеге асыру жоспарланған география аясында нарықты қамту әлеуетіне ие болуы керек;

  • Іске асырылған онлайн-жобалар құпталады.

Біз жобалары бизнес пен жалпы қоғамда ұзақ мерзімді оң өзгерістерге қол жеткізуге бағытталған студент - болашақ кәсіпкерлерді күтеміз.

«Митапқа» қатысу үшін тіркелу мына сілтеме бойынша қолжетімді: https://docs.google.com/.../1FAIpQLSfVE0Mj.../viewform

Өтінімдер 2020 жылдың 25 қазанына дейін қабылданады.

Барлық қызықтырған сұрақтарды телефон арқылы қоя аласыз: +7 701 539 97 92

ИнЕУ баспасөз қызметі