Әкімшілік-басқару персоналының бос лауазымдарына орналасуға конкурс » Инновациялық Еуразия Университеті
» » Әкімшілік-басқару персоналының бос лауазымдарына орналасуға конкурс
09 ноября 2020

Әкімшілік-басқару персоналының бос лауазымдарына орналасуға конкурс


«Инновациялық Еуразия университеті» ЖШС
бірінші проректордың бос лауазымдарына орналасуға конкурс жариялайды.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:

  1. Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім;
  2. Ғылыми дәрежесінің немесе MBA академиялық дәрежесінің болуы;
  3. Тиісті салалардағы жоғары білім беру ұйымдарында және (немесе) уәкілетті органдарда басшылық лауазымдарда жұмыс өтілі кемінде 5 жыл;
  4. Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім, ғылым, тәрбие процесі саласындағы стратегиялық және бағдарламалық құжаттарды білу.


Қазақ, орыс, ағылшын тілдерін білгені жөн.

Конкурсқа қатыса алмайды:

  • жиырма бес жастан кіші;
  • бұрын сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасаған;
  • өтелмеген немесе алынбаған сотталғандығы бар;
  • медициналық арнайы мекемелерде есепте тұрған;
  • Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де жағдайлар.


Конкурсқа қатысуға ниет білдірген тұлғалар
ЖОО басшысының атына өтініш (еркін нысанда) береді. Өтінішке мынадай құжаттар қоса беріледі:

  1. түйіндеме;
  2. кадрларды есепке алу жөніндегі жеке іс парағы. Жеке парақтағы еңбек қызметі туралы ақпарат Конкурсқа қатысушының еңбек өтілін растайтын құжаттардың деректеріне қатаң сәйкестікте толтырылады. Конкурсқа қатысушы жеке парақта көрсеткен деректер еңбек өтілін растайтын құжаттардың деректерімен сәйкес келмеген жағдайда, құжаттарда келтірілген мәліметтер ескерілетін болады;
  3. жеке куәлік / паспорт;
  4. өмірбаян (еркін нысанда);
  5. жоғары білім, академиялық және ғылыми дәреже туралы дипломдардың көшірмелері, ғылыми атағы туралы құжат және салыстыру үшін түпнұсқалары. Көрсетілген құжаттардың нотариат куәландырған көшірмелерін ұсынуға жол беріледі. Шет тіліндегі дипломдар үшін нотариалды куәландырылған қазақ немесе орыс тіліндегі аудармасының қосымшасы міндетті болып табылады;
  6. білім беру менеджменті саласында қайта даярлау және біліктілікті арттыру туралы сертификаттардың көшірмелері (бар болса) және салыстырып тексеру үшін түпнұсқалары;
  7. ғылыми жұмыстар мен өнертабыстардың тізімі (бар болса);
  8. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің м. а. 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен бекітілген № 086/у нысаны бойынша медициналық анықтама;
  9. «Азаматтарға арналған үкімет» МК КЕАҚ немесе «Электрондық үкімет» egov.kz веб-порталынан берілген соттылықтың болуы немесе болмауы туралы анықтама;
  10. «Азаматтарға арналған үкімет» МК КЕАҚ немесе «Электрондық үкімет»egov.kz веб-порталынан берілген наркологиялық ұйымның анықтамасы;
  11. «Азаматтарға арналған үкімет» МК КЕАҚ немесе «Электрондық үкімет» egov.kz. веб-порталынан берілген Психоневрологиялық ұйымнан анықтама.

 

Бірінші проректор лауазымына үміткер үшін университеттің Ғылыми, халықаралық және тәрбие қызметін дамытудың 3 жылға арналған бағдарламасын қосымша ұсыну қажет.

Конкурсқа қатысушы өзінің біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне қатысты қосымша ақпаратты (бұрынғы жұмыс орнының басшылығынан ұсынымдар және т.б.) ұсынуға құқылы.

Бос лауазымдар конкурсына өтініш хабарландыру жарияланған күннен бастап күнтізбелік отыз күннен кешіктірілмей келесідей мекенжайға беріледі e-mail: nach_ok@ineu.kz