» » ИнЕУ студенттерін әскери кафедраға қабылдау басталды
04 июня 2020

ИнЕУ студенттерін әскери кафедраға қабылдау басталды

                                                                                                                                              

Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі ИнЕУ студенттерін әскери кафедрада 2 жылдық оқыту үшін 27 орын бөлді.


Студенттерді іріктеу конкурстық негізде жүзеге асырылады.
Конкурсқа студенттер қатыса алады:
  •  осы оқу жылында 4 жылдық бағдарлама бойынша күндізгі келісім-шарттық оқу бөлімінің 1 курсын бітіргендер;
  •  осы оқу жылында 5 жылдық бағдарлама бойынша күндізгі келісім-шарттық оқу бөлімінің 2 курсын бітірген.

Студенттерге оқытудың 4 бағдарламасы таңдауға ұсынылады:
  1. Жалпы әскери бөлімшелерді, бөлімдер мен құрамаларды жауынгерлік қолдану: квота - 10 орын.
  2. Аумақтық қорғанысты жоспарлау және ұйымдастыру: квота – 5 орын.
  3. Қаржылық қамтамасыз ету: квота - 12 орын.

Конкурстық іріктеу 3 кезеңнен өтуді көздейді:
  1. Медициналық куәландыру
  2. Кәсіби-психологиялық тестілеу
  3. Дене дайындығын тексеру

Студенттер конкурсына алдын ала жазылу 2020 жылдың 1-15 маусым аралығында 8 (7182) 67-30-57 (ішкі. 243) телефондары бойынша немесе төмендегі мекен-жайы бойынша жүзеге асырылады: ИнЕУ бас ғимараты, Ломов көшесі, 45, 102-каб. (Жастар ісі жөніндегі комитеті).

Емханада медициналық тексеруден 30 маусымға дейін өту қажет.

ИнЕУ туралы көбірек біліңіз:
  • ИнЕУ IQAA-Ranking Қазақстанның жоғары оқу орындары рейтингісінде
  • ИнЕУ "Атамекен" рейтингінде
  • ИнЕУ туралы серіктестердің пікірлері

ИнЕУ-дің баспасөз қызметі

Фото көзі: bilimdinews.kz