Рухани жаңғыру ИнЕУ-де: аралық қорытындылар » Инновациялық Еуразия Университеті
» » Рухани жаңғыру ИнЕУ-де: аралық қорытындылар
16 апреля 2020

Рухани жаңғыру ИнЕУ-де: аралық қорытындылар

Құрметті әріптестер, студенттер! «Рухани жаңғыру» ұлттық бағдарламасын жүзеге
асыруға қатысуымыздың аралық қорытындыларын шығарғым келеді.
  


Университет ИнЕУ-де қабылданған Рухани жаңғыру құндылықтарын жастар ортасында ілгерілету тұжырымдамасын табысты жүзеге асыруда. Биылғы жылы біз Абайдың 175 жылдығына арналған аймақтық іс–шараларға бір кісідей қатыстық.Біз ЖОО аумағында «Абай портреті» атты ауқымды стрит-арт, «Ұлы Абаймен селфи» облыстық байқауларын ұйымдастырдық, «Абайды оқимыз» жалпыұлттық челленджге қолдау көрсеттік. Қатысушыларды қамту орта есеппен сыртқы стейкхолдерлерді қоса алғанда, 200 адамды құрады.

Қазіргі уақытта біз сананы рухани жаңғырту құндылықтарын ілгерілетуге ықпал ететін тағы да 3 жобаны іске қосу үшін жұмыс атқарудамыз:бұл 10 000 мыңнан астам қатысушыны қамтитын «Ертістің Павлодар өңірі» Он-лайн викторинасы, облыстық «Күмбірле домбыра» айтысы және Павлодар облысы мен ШҚО-ның киелі жерлері бойынша Экспедиция.Барлық осы іс-шараларға ИнЕУ студенттері мен оқытушылары, сондай-ақ республиканың басқа аймақтарынан және ТМД елдерінен келген жас қазақстандықтар қатысады.Бұл біздің университетке, бір жағынан, «Рухани жаңғыру» ұлттық бағдарламасын жүзеге асыруға өз үлесін қосуға, екінші жағынан - ҚР жастар саясатының трендінде болуға мүмкіндік береді.

Біздің студенттерелде кең көлемде қамтылған және Президент Қасым Жомарт Тоқаевтың оң пікірін алған,«Мен қазақпын» республикалық челленджінің ашылуына қатысты. Университет белсенді азаматтық ұстанымдары үшін облыс басшылығынан алғыс хат алды.

Президент Қасым Жомарт Тоқаев жариялаған еріктілер жылы аясында біз ИнЕУ студенттерін волонтерлік қозғалысқа тарту бойынша іс-шаралар жоспарын әзірледік және бірқатар іс-шаралар өткіздік.Біздің студенттер кураторлармен, Жастар ісі жөніндегі Комитетпен, оқытушылармен, университет қызметкерлерімен бірге ардагерлердің, жер үйлерде тұратын Қарт адамдардыңүйлерінде қар тазалау бойынша еңбек акциясын өткізді.Осылайша біздің студенттер өздерінің азаматтық ұстанымын көрсетті.

Қаңтар айында біз облыстық «Snowman Fight» креативті байқауын ұйымдастыра отырып, еріктілер жылын бастадық.Байқаудың мақсаты-шығармашылық студенттер мен оқушыларды, соның ішінде ауылдық жерлерден қолдау көрсету және мейірімділік пен жасампаздық идеяларын насихаттау.Конкурс жеңімпаздарына ИнЕУ Бақылау кеңесінің бағалы сыйлықтары, Павлодар қаласы әкімдігі мен спорт бөлімінің сертификаттары табыс етілді.

Ағымдағы жылдың 12-13 ақпанында Ел Президентінің қатысуымен Нұр-Сұлтан қаласында«Birgemiz» Республикалық Фронт-кеңсесінің және Еріктілер съезінің салтанатты ашылуы болып өтті.Осы съезд аясында диалог алаңы өтті, онда волонтерлік қозғалыс бағдарламасы таныстырылды. Павлодар облысынан келген делегация құрамында біздің оқу орнымыздың белсендісі, бірінші курс студенті Петренко Александр және ЖІК жетекшісі Байбек Мади болды.Енді біздің алдымызда волонтерлік қозғалысқа қосылу міндеті тұр.

Біздің 63 студент өз еркімен «Kazvolunteer.kz» бірыңғай республикалық платформасына тіркелді,  осылайша еріктілер болуға ниет білдірді.Біздің 15 заңгер-студенттеріміз Әділет департаментінде еріктілер болды.Олар құқықтық мәселелер бойынша тегін кеңесшілер болды және қала тұрғындарымен жұмыс істеді.Волонтерлік қозғалысқа біздің университет оқытушылары да кірді. Қысқы демалыс кезінде № 1 интернат базасында мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған көшпелі «ИнЕУ IT мектебі» ұйымдастырылды.20 ақпан күні ЖІК бастамасымен Біздің университетте қайырымдылық акциясы өтті, осы шарадан түскен барлық қаражатты біз қаланың әлеуметтік қорғалмаған тұрғындарына жолдадық. Бұл іс-шараға 400-ге жуық студент қатысты.

Профессорлық-оқытушылар құрамы «Рухани жаңғыру» бағдарламасының ережелерін оқу курстарының концепциясымен, бітіру жұмыстарының, ғылыми қызметтің тақырыптарымен үйлестіру бойынша үлкен жұмыс атқарды.

Құрметті әріптестер, студенттер! Көріп отырғанымыздай, біздің университет «Рухани жаңғыру» ұлттық бағдарламасын табысты жүзеге асыру үшін жақсы әлеуетке ие.Оны жүзеге асыруға кіріскен соң, біз кез-келген сын-қатерлерге қарсы тұруға көмектесетін ұжымдық күшімізді, ортақ рухымызды көрсетеміз.Қалыптасқан жағдай бізден топтасуды, өзара көмек көрсетуді талап етеді. Бүгінде біздің әрқайсымыз «Рухани жаңғыру» құндылықтарына сүйене отырып, өз отбасына, аға буын өкілдеріне, туған елге пайдалы бола алады.Үйде қалып, жақындарыңызға көңіл бөліңіз, егер сіз студент болсаңыз– оқуды, оқытушы болсаңыз оқытуды жалғастырыңыз. Яғни, біздің қоғамға пайдалы болыңыздар. Бұл жаңа сананың, рухани адамның және патриоттың мақсаты. Өзіңді сақта!


Құрметпен, ИнЕУ ректоры, профессор Б. А. Жетпісбаева.