«Соқыр» бағалау әдісімен білім алушылардың білімін бақылауды ұйымдастыру тәжірибесінің презентациясы » Инновациялық Еуразия Университеті
» » «Соқыр» бағалау әдісімен білім алушылардың білімін бақылауды ұйымдастыру тәжірибесінің презентациясы
21 апреля 2020

«Соқыр» бағалау әдісімен білім алушылардың білімін бақылауды ұйымдастыру тәжірибесінің презентациясы

                                                                                             

2020 жылғы 20 сәуірде Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің on-line кеңесі өтті. Кеңеске вице-министр М. М. Дәуленов, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім департаментінің директоры А. Ж. Тойбаев, Қазақстанның жоғары оқу орындарының ректорлары қатысты.

Отырыстың күн тәртібі шеңберінде Инновациялық Еуразия университеті «соқыр» бағалау әдісімен білім алушылардың білімін бақылауды ұйымдастырудағы өз тәжірибесін таныстырды. Біздің университет республикада алғашқылардың бірі болып осы әдісті енгізді. Бұл әдістің ерекшелігі, біріншіден, пән оқытушысы жазбаша емтихан өткізуге қатыспайды; екіншіден, жазбаша жұмыстарды бағалай отырып, пән оқытушысы осы жұмыстың кімге тиесілі екенін білмейді; үшіншіден, оқытушы мен студенттің қарым-қатынасы байланыссыз сипатта болады және жеке кабинеттен тыс шықпайды.

Бұл әдістің артықшылығы-оның білімді бағалау жүйесінің ашықтығын арттыруға және университеттік ортада сыбайлас жемқорлыққа қарсы климатты нығайтуға бағытталуында.

ИнЕУ тәжірибесін Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің on-line кеңесіне қатысушылар оң бағалады. ИнЕУ ұсынған тұсаукесері (презентация) Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің арнайы порталында жарияланады.

https://enic-kazakhstan.kz/files/1587364186/ob-organizacii-kontrolya-znaniy-obuchayuschihsya-metodom-slepogo-ocenivaniy.pdf  

Алғаш рет «соқыр» бағалау әдісі 2019-2020 оқу жылының қысқы емтихандық сессиясы аясында сынақтан өтті, бұл университет жұртшылығына, ал одан әрі республикалық БАҚ – та үлкен қызығушылық тудырды.

  

  

    

«Хабар 24» телеарнасының сюжеті:


ИнЕУ баспасөз қызметі

Автор: ақпараттандыру басқармасының бастығы Дария Болатқызы Абыкенова