Талапкерлер ИнЕУ-де оқуға 50 % жеңілдік алды! » Инновациялық Еуразия Университеті
» » Талапкерлер ИнЕУ-де оқуға 50 % жеңілдік алды!
19 мая 2020

Талапкерлер ИнЕУ-де оқуға 50 % жеңілдік алды!

2020 жылдың ақпан айынан Инновациялық Еуразия университетінде «INEU TALAPKERI-2020» байқауы басталды! Бас жүлде - ИнЕУ-де оқуға 50% жеңілдік!


Бұл сайыс ИнЕУ-дің «онлайн» форматында облыстың мектеп және колледж түлектері арасында өткізілді. Жүлде ретінде 10, 20 және 50% оқу жеңілдіктері ойнатылды!
Конкурстық комиссия ИнЕУ-дің ең үздік профессор-оқытушылар құрамы мен қызметкерлері арасынан тұрды, комиссияны ИнЕУ ректоры, профессор Бақытгүл Асылбекқызы Жетпісбаева басқарды.
 
Байқау ҰБТ бейіндік пәндері бойынша мемлекеттік және орыс тілдерінде онлайн-тестілеу түрінде өтті:
- математикалық сауаттылық;
- оқырман сауаттылығы;
- Қазақстан тарихы.
 
Бір жарым сағат ішінде түлектерге 60 сұраққа жауап беру қажет болды.
 
Ең көп балл жинаған оқушылар байқаудың жеңімпаздары атанды:
 
1 орын және оқуға 50% жеңілдікті жеңіп алғандар:
• Дюсембаев Азамат Солтанкерейұлы,
• Асайын Еркегүл Жеңісқызы.
 
2 орын және 20% жеңілдікті жеңіп алғандар:
• Байишева Маргарита Сергеевна,
• Коптелов Артур Олегович,
• Ботанов Дияр Ертісбайұлы.
 
3 орын және 10% жеңілдік алғандар:
• Баязит Әлишер Ибрахимұлы,
• Ахтанова Диана Орынғазықызы,
• Райхан Балжан Асанқызы.
 
Жүлдегерлерді лайықты жеңістерімен құттықтаймыз, Сіздерді біздің университетте күтеміз!
 
ИнЕУ-ге түсу кезінде конкурс жеңімпаздары үшін 50 балдан жоғары ҰБТ сертификатының болуы міндетті шарт болып табылатынын естеріңізге саламыз.
 
Толық ақпарат алу үшін төмендегі телефон арқылы қоңырау шалуыңызды сұраймыз: 
+7 778 217 19 59
 
ИнЕУ-жастар үшін табысқа жол!


ИнЕУ баспасөз қызметі