ИнЕУ-дің халықаралық ынтымақтастығы-әрекетте! » Инновациялық Еуразия Университеті
» » ИнЕУ-дің халықаралық ынтымақтастығы-әрекетте!
09 июля 2020

ИнЕУ-дің халықаралық ынтымақтастығы-әрекетте!

2010 жылдың 10 шілдесінде ИнЕУ-де «Инновациялық Еуразия университеті мен CASIB арасындағы Білім және ғылым саласындағы ынтымақтастық» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Оған тұрақты даму жөніндегі Орталық Азия Инновациялық бюросының (CASIB) басшысы доктор Петер Либельт (ГФР), «Экологиялық технологиялар бойынша құзыреттілік орталығы» корпоративтік қорының директоры А.Ж. Өмірбек, «Проманалит» ЖШС директоры И. В. Юсупов және университет ғалымдары қатысты.


Дөңгелек үстел аясында Павлодар облысының тәжірибелік-өнеркәсіптік нысандарын дамытуға бағытталған жобаларды гранттық қаржыландыру, алмасу бағдарламалары мен Германия мен Павлодар ЖОО арасындағы зерттеу сапарларын жүзеге асыру мәселелері талқыланды.
Дөңгелек үстел отырысын ашқан ИнЕУ ректоры, профессор Б.А. Жетпісбаева жобаларды бірлесіп әзірлеу шеңберінде ИнЕУ-дің халықаралық ұйымдармен әріптестік қарым-қатынас тарихына экскурс жасады.
Бірінші болып тұрақты даму жөніндегі Орталық Азия Инновациялық бюросының (CASIB) басшысы доктор Петер Либельт (ГФР) сөз сөйледі. Өз сөзінде ол CASIB Орталық Азияда Германия қаржыландыратын жобалар мен коммерциялық кәсіпорындар желісін құратынын атап өтті. Бұл өңірдің тұрақты дамуы үшін қолайлы жағдайлар жасауға, сектораралық синергизмді қамтамасыз етуге, зерттеудің жаңа салаларын анықтауға және инновацияларды ілгерілетуге бағытталған.

  

  

  

  

  

Доктор П.Либельттің айтуынша, бірлескен жұмыс барысында зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жобалар аймақтың кең аудиториясына түсінікті болуы үшін медиа-арналардың барлық спектрін пайдалану маңызды.

Берілген ынтымақтастық форматының контекстінде ИнЕУ ғалымдарымен 4 перспективалық жоба ұсынылды: «Павлодар қаласы мысалында атмосфералық ауа сапасының мониторингі платформасын құру» (химия ғылымдарының докторы, профессор Свидерский А.К.); «Ауыл шаруашылығы жануарлары мен құстарына арналған Антитоксикалық энтеросорбент» (биология ғылымдарының кандидаты, доцент Оспанова А. К.); «Колорадский жук феромерлері» (химия ғылымдарының кандидаты, доцент Дюсеналин Б. К.); «Биогаз бен тыңайтқыштар алумен агроөнеркәсіптік кешен қалдықтарын қайта өңдеу» (техникалық физика магистрі А. Т. Жумагажинов).

Дөңгелек үстелге қатысушылардың ерекше қызығушылығын ИнЕУ-дің зертханалары мен техноорталығы тудырды.
Дөңгелек үстел жұмысының нәтижелері бойынша білім және ғылым саласындағы ірі серпінді жобаларды ұйымдастырушылық, құқықтық және қаржылық қолдау үшін бизнес пен мемлекеттің күш-жігерін біріктіру жөніндегі одан арғы іс-қимылдарды келісу туралы қарар қабылданды.


ИнЕУ баспасөз қызметі

Анықтама: CASIB – экология, энергетика, табиғи ресурстарды тиімді пайдалану және ауыл шаруашылығы саласындағы тәжірибелік-өнеркәсіптік жобаларды қаржыландыратын халықаралық ұйым.