ИнЕУ оқытушысы – «Үздік ғылым кандидаты-2020» » Инновациялық Еуразия Университеті
» » ИнЕУ оқытушысы – «Үздік ғылым кандидаты-2020»
21 июля 2020

ИнЕУ оқытушысы – «Үздік ғылым кандидаты-2020»

«Bilim – orkenieti» ұлттық инновациялық ғылыми-зерттеу орталығы ұйымдастырған «Үздік ғылым кандидаты-2020» республикалық байқауында «Ауыл шаруашылығы және биоресурстар» кафедрасының қауымдастырылған профессоры (доцент), ИнЕУ біліктілікті арттыру институтының директоры Исаева Жанетта Батырханқызы жеңіске жетті.


Жанетта Батырханқызы көптеген ғылыми мақалалары мен марапаттары, дипломдары мен сертификаттары бар. Аға ғылыми қызметкер ретінде «Азып-тозған жайылымдарды өсіру технологиясын әзірлеу» жобасына белсенді қатысты.
Үздік ғылым кандидаты арнайы төс белгісімен және I-дәрежелі дипломмен марапатталды. Байқау қорытындысы бойынша еліміздегі білім мен ғылымның дамуына ықпал ететін үздік ғалымдардың өмірбаянынан тұратын жинақ шығарылды.
Біз Жанетта Батырханқызын республикалық танымалдығымен құттықтаймыз және алдағы уақытта табыс пен ғылыми жетістіктер тілейміз!

  
Айта кету керек, ИнЕУ қызметкерлері бұл құрметті атаққа қол жеткізіп отырғандары бірінші жыл емес. 2019 жылы ИнЕУ «Тілдер, әдебиет және журналистика» кафедрасының қауымдастырылған профессоры, PhD докторы Әсем Сүлейменова үздік ғылым кандидаты атанды.⠀ 

ИнЕУ-ге барыңыз, ең үздіктерден үйреніңіз!

ИнЕУ туралы көбірек біліңіз:
  • ИнЕУ IQAA-Ranking Қазақстан жоғары оқу орындарының рейтингісінде
  • ИнЕУ «Атамекен» рейтингінде
  • ИнЕУ туралы серіктестердің пікірлері

ИнЕУ баспасөз қызметі