Жаңа қызметте сәттілік тілейміз! » Инновациялық Еуразия Университеті
» » Жаңа қызметте сәттілік тілейміз!
28 июля 2020

Жаңа қызметте сәттілік тілейміз!

ИнЕУ түлегі Ержан Иманслям Павлодар қаласының әкімшілігін басқарды.


Облыс әкімі Әбілқайыр Сқақов Павлодар активіне жаңа әкімді таныстырды. Өңір басшысы Қайрат Нүкеновке жұмыс істегені үшін алғыс айтып, жаңа әкімнің алдына міндеттер қойды.
Ержан Иманслям 1972 жылы Павлодар облысында дүниеге келген. 1991 жылы Красноармейка ауыл шаруашылығы техникумын (техник-механик), 2007 жылы-Қазақ құқықтану және халықаралық қатынастар институтын (құқықтану бакалавры), 2014 жылы – Инновациялық Еуразия университетін (экономика және бизнес бакалавры) және 2017 жылы- Абай Мырзахметов атындағы Көкшетау университетін бітірген (Тасымалдауды, қозғалысты ұйымдастыру және көлікті пайдалану саласындағы бакалавр; заң ғылымдарының магистрі). Еңбек жолын 1987 жылы Қашыр ауданы Калиновка ауылындағы құрылыс учаскесінде жұмысшы болып бастаған. Техникум аяқталғаннан кейін Ержан Иманслям Қашыр кентіндегі құрылыс материалдары және конструкциялар комбинатында слесарь-сантехник болып жұмыс істеді. Шекара әскерлеріндегі қызметтен кейін Павлодардағы «Энергожилстрой 1» құрылыс басқармасының монтажшысы болды.  
1994-2000 жылдар аралығында Ержан Иманслям Қашыр ауданының ішкі істер бөлімі мен прокуратурасында түрлі лауазымдарда қызмет атқарды. 2005-2008 жылдары Қашыр ауданының әкімдігінде жұмыс істеді, оның ішінде әкім аппаратына басшылық етті. 2008 жылдан 2011 жылға дейін Ержан Иманслям Ақсу қаласының әкімдігінде жұмыс істеді, оның ішінде қала әкімінің орынбасары болды. 2011 – 2013 жылдар аралығында Ержан Иманслям Павлодар әкімі аппаратының басшысы, 2013-2014 жылдар аралығында Павлодар қаласы әкімінің орынбасары болды. 2017 жылға дейін Солтүстік Қазақстан облысында индустриалды-инновациялық даму басқармасында қызмет атқарды, сондай-ақ Тайынша ауданының әкімі болды. Содан кейін, 2020 жылғы 27 шілдеде Павлодар әкімі болып тағайындалғанға дейін ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінде (ИИДМ) қызмет атқарды, оның ішінде ИИДМ комитетінің машина жасау басқармасын басқарды.
Ержан Иманслямды құттықтаймыз және жаңа қызметте табыстар тілейміз!

ИнЕУ баспасөз қызметі
nur.kz сайттың ақпараты бойынша
Фото: Павлодар қаласы әкімінің баспасөз қызметі