«YbyraiCamp» онлайн мектебі - алғашқы нәтижелер! » Инновациялық Еуразия Университеті
» » «YbyraiCamp» онлайн мектебі - алғашқы нәтижелер!
18 августа 2020

«YbyraiCamp» онлайн мектебі - алғашқы нәтижелер!

Жазғы маусым 2020 жылдың 27 шілдесінен 19 тамызына дейін ИнЕУ консорциумының оқытушылары мен қызметкерлері үшін шабыт кезеңі болды, ол қатысушыларға жағымды эмоциялар, қызықты дәрістер, практикалық кейстер, инсайттар және «Студенттік кәсіпкерліктің экожүйесі» #EcoSystemERG жобасында тәжірибе алмасу сыйлады.


Іс жүзінде мұғалімдерді тек тұжырымдамаларға ғана емес, сонымен бірге кәсіпкерлік пәндерді оқыту практикаларына үйрету, білім беруде кәсіпкерлік тәсілді қолдануға жәрдемдесу, әртүрлілік пен инновацияларды ынталандыру міндеті жүзеге асырылды.

Оқу кезеңінде университеттің, Екібастұз ИнЕУ колледжінің және ИнЕУ жоғары колледжінің оқытушылары мен қызметкерлері «Барлығына арналған Кәсіпкерлік», «Онлайн-білім» және «Академиялық кәсіпкерлік»сияқты модульдерден өтті.

Әрбір модульде кәсіпкерлік білім беру, құзыреттілік және қабілеттер, XXI ғасыр дағдылары, сондай-ақ онлайн режимде жұмысты ұйымдастыру; Кәсіпкерлік экожүйені дамыту: AlmaU кейсі, кәсіпкерлік қоғамдастық: AlmaU кейстері, КИнЭУ және ИнЕУ және т. б. мәселелер қаралды.

  

  

 

Әр модульдің нәтижелері бойынша қатысушыларға сертификаттар беріледі және олар «Студенттік кәсіпкерліктің экожүйесі» жобасының келесі іс-шараларына қатыса алады: YbyraiMarathon, «Кәсіпкерлікке кіріспе», BigIdeasCamp, BigIdeasMarathon, EntrepreneurialMeetup, EcoSystemERGAwards.

Жоба жетекшісі: ИнЕУ кәсіпкерлікті және инновацияларды дамыту орталығының директоры, э.ғ. к., доцент, PhD, Смагулова Зубираш Калыбековна.

Презентациялар мен бейнелерді сілтеме арқылы көруге болады ecosystemerg.kz.

Қатысыңыз және сіздің алдыңызда бизнес көкжиектер ашылады!

ИнЕУ баспасөз қызметі