ИнЕУ-де «Парасаттылық сағаты» өтті. » Инновациялық Еуразия Университеті
» » ИнЕУ-де «Парасаттылық сағаты» өтті.
17 сентября 2020

ИнЕУ-де «Парасаттылық сағаты» өтті.

2020 жылдың 15 қыркүйегінде ЖОО басшылары мен оқытушылары Павлодар облысы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің қызметкерлерімен кездесті.


Іс-шараға ИнЕУ ректоры, профессор Бақытгүл Жетпісбаева, Павлодар облысы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаменті басшысының бірінші орынбасары Ардақ Балғожин, «Ертіс-адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің жетекшісі Ризабек Исабеков, ИнЕУ жас оқытушылары мен мамандары қатысты.

Кездесуді ИнЕУ ректоры Бақытгүл Асылбекқызы ашты. Өзінің құттықтау сөзінде ол университеттегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл және қызметкерлердің парасаттылық пен басқа да адамгершілік құндылықтарды насихаттауға қатысуы туралы айтты.

Жас оқытушылар сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама бойынша белсенді сұрақтар қойды. Олардың сұрақтарына кездесу модераторы Ардақ Балғожин жауап берді. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет қызметкерлері «Ертіс-адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің қолдауымен жасалған фильмдер мен бейнероликтерді көрсетті.

Ризабек Исабеков өз бөлімшесінің жұмысы туралы айтып, ИнЕУ студенттері үшін сыбайлас жемқорлықты қабылдамау және жастар арасында парасаттылыққа тәрбиелеу туралы TikTok форматындағы бейнероликтер конкурсын жариялады.

Байқау жұмыстарын 2020 жылдың 30 қыркүйегіне дейін ұйымдастырушыларға e-mail-ға жолдау қажет: dmdgs_pavlodar@mail.ru. роликтерді қазылар алқасы бағалайды. Жеңімпаздар Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің дипломдарымен марапатталады.

Кездесу соңында Ардақ Балғожин университет басшылығына ұйымдастырылған кездесу үшін алғыс айтып, одан әрі жемісті ынтымақтастыққа үміт білдірді.

ИнЕУ баспасөз қызметі