БАҚ-тағы жалған ақпарат » Инновациялық Еуразия Университеті
» » БАҚ-тағы жалған ақпарат
18 сентября 2020

БАҚ-тағы жалған ақпарат

 

Құрметті студенттер мен ата-аналар! Өкінішке орай, БАҚ-та кезекті рет Инновациялық Еуразия университеті туралы жалған ақпарат жарияланды.

2020 жылғы 18 қыркүйекте MAIL.RU ақпараттық сайтта https://news.mail.ru/economics/43411496/?frommail=1 «Атамекен» КП басқарманың төрағасы О.Т. Ордабаевтың мақаласы жарияланды, ол білім беру гранттары түрінде «Мемлекеттің қолдауын алмаған» жоғары оқу орындарын атады. Олардың қатарында ИнЕУ де болды.

Осы жағдайды түсіндіре отырып, О.Т. Ордабаев жоғары оқу орындарының «Атамекен» рейтингіндегі төмен позициялары бұл үшін негіз болды деп бекітеді.

Инновациялық Еуразия университетінің ректораты бұл ақпаратты жоққа шығарады.

Биылғы жылы Инновациялық Еуразия университетіне магистрлерді дайындау үшін 29 грант және дайындық бөлімінің тыңдаушыларына 40 грант бөлінді. Жалпы, мемлекеттік грант бойынша университетте бүгінде 540 адам білім алуда.

Сонымен қатар, «Атамекен» соңғы рейтингінде қатысуға берілген 22 бағдарламаның 10-ы республика бойынша үздік ондыққа кірді, тағы 4-еуі студенттер мен жұмыс берушілердің жоғары бағасын алды https://atameken.kz/ru/university_ratings.

Біздің университет қазіргі уақытта IQAA-Ranking сапаны қамтамасыз ету жөніндегі тәуелсіз агенттігінің нұсқасы бойынша жоғары оқу орындарының Ұлттық рейтингінде еліміздің көп бейінді жоғары оқу орындарының арасында 12-ші орынға иеhttps://iqaa-ranking.kz және www.egov.kz

Бұл көрсеткіштерді біздің түлектеріміздің жақсы дайындығының және ИнЕУ-дің сыртқы ортадағы жоғары беделінің дәлелі деп санаймыз.