АҚШ ИнЕУ-ді Павлодар облысының STEM-білім беру орталығы етіп таңдады! » Инновациялық Еуразия Университеті
» » АҚШ ИнЕУ-ді Павлодар облысының STEM-білім беру орталығы етіп таңдады!
29 сентября 2020

АҚШ ИнЕУ-ді Павлодар облысының STEM-білім беру орталығы етіп таңдады!

АҚШ елшілігі Инновациялық Еуразия университетімен бірлесіп, Қазақстанның индустриялық жүрегі болып табылатын Павлодар өңірінде ғылыми-техникалық білім беруді дамытуға бағытталған «ЅТЕМуляция» жобасын іске қосты.


STEM-бұл төрт пән бойынша оқу бағдарламасы: Ғылым( Science), технология (Technology), Инжиниринг (Engineering) және математика (Math). STEM оларды нақты практикалық қолдануға негізделген бірыңғай оқыту парадигмасына біріктіреді.

- Жоба аясында біз Павлодар өңірінің өнеркәсіптік секторының қажеттіліктерін және педагогикалық қоғамдастықтың қажеттіліктерін анықтадық. Бұл бізге Инновациялық Еуразия университетінің базасында STEM-Хаб ашуға мүмкіндік береді, - дейді ИнЕУ ғылыми-ұйымдастыру жұмысы және халықаралық ынтымақтастық бөлімінің бастығы Анастасия Алиясова. - ЖОО оқытушылары химия, математика, информатика, робототехника бойынша модульдік курстарды әзірлейді. Сондай-ақ біз Павлодар қаласы мектептерінің 100мұғалімін ағылшын тілі және STEM-пәндері бойынша оқытамыз.

«ЅТЕМуляция» жобасын іске асыру Павлодар облысында STEM-білім беру кластерін құруға, оқу-әдістемелік материалдар мен педагогикалық кадрларды дайындауға, оқытудың интеграцияланған тәсілі негізінде оқушылардың инженерлік және жаратылыстану ғылымдарын оқуға қызығушылығын арттыруға мүмкіндік береді.

STEM-білім берудің арқасында павлодарлық оқушылар мен студенттер жақын болашақта сұранысқа ие жоғары ақы төленетін мамандықтарға ие болып, еңбек нарығында өзінің бәсекеге қабілеттілігін арттыра алады.

STEM-бүкіл әлем бойынша білім беру саласындағы өсіп келе жатқан қозғалыс. Бүгінде ол тек жоғары оқу орындарын ғана емес, мектептер мен мектепке дейінгі оқу орындарын да қамтиды. STEM бағыттарындағы көшбасшы-АҚШ.

«STEMуляция» - Қазақстандағы АҚШ дипломатиялық миссиясының қолдауы және демеуімен өтіп жатқан жоба.

ИнЕУ баспасөз қызметі