ИнЕУ стартапы-қала экологиясы үшін! » Инновациялық Еуразия Университеті
» » ИнЕУ стартапы-қала экологиясы үшін!
19 октября 2020

ИнЕУ стартапы-қала экологиясы үшін!

2020 жылдың 15 қазанында «Kaz Waste» қалдықтарды басқару жөніндегі қазақстандық қауымдастығының бастамасымен «Павлодар қаласында пластик қалдықтарын бөлек жинау және қайта өңдеу жүйесін дамыту» атты дөңгелек үстелі өтті.


Оның қатысушылары қатты тұрмыстық қалдықтарды жинаумен және өңдеумен айналысатын мемлекеттік құрылымдар: Павлодар қ. экология департаменті жер қойнауын пайдалану, қоршаған орта және су ресурстары басқармасы, «Оператор РОП» ЖШС, «Атамекен» ӨКП, «Эком» ҚБ, шаруашылық жүргізуші субъектілер.

Пластик қалдықтарын бөлек жинау мен өңдеуді дамыту, қалдықтарды басқару саласындағы бизнесті қолдау, студенттік стартаптар, сондай-ақ азаматтық белсенділер мен коммерциялық емес бірлестіктерден туындайтын бастамалар талқыланды. Дөңгелек үстелге қатысушылар ынтымақтастық туралы және «Жасыл экономика» саласындағы халықаралық тәжірибені белсенді пайдалану туралы келісті.

ИнЕУ баспасөз қызметі
(«Бизнес және басқару» кафедрасының доценті С. В. Беспалйдың ақпараты бойынша)

ИнЕУ туралы көбірек біліңіз:
  • ИнЕУ IQAA-Ranking Қазақстан жоғары оқу орындарының рейтингісінде
  • ИнЕУ студенттік жеңістер шежіресі
  • ИнЕУ «Атамекен» рейтингінде
  • ИнЕУ туралы серіктестердің пікірлері