Адамдарға көмектесу үшін ыстық жүрекпен! » Инновациялық Еуразия Университеті
» » Адамдарға көмектесу үшін ыстық жүрекпен!
21 октября 2020

Адамдарға көмектесу үшін ыстық жүрекпен!

2020 жылдың 15 қазанында ZOOM платформасында «Мен еріктімін немесе менің еріктілік тәжірибем!» атты конференция өтті.


Кездесу Павлодардағы волонтерлік ұйымдардың қызметін жариялауға бағытталды. ОҚМИ волонтерлік орталығының инспекторы Нариман Өскенбаев пен Павлодар облысы бойынша "Birgemiz Bilim" жобасының жетекшісі Еркебұлан Күнтуғанұлы студенттермен жеке тәжірибелерімен бөлісті.

Спикерлер өз жобалары туралы егжей-тегжейлі айтып берді, іс-шаралардан бейнероликтер көрсетті, онда жастарды волонтерлікпен айналысуға не итермелейтіні туралы айтылды. Студенттерге іс-шара барысында туындаған және айтылған барлық сұрақтарға жауаптар берілді.

 

ИнЕУ-де еріктілер қозғалысы қарқынды дамып келеді. Белсенді қызметпен жүзден астам волонтер студенттер айналысады.

Ерікті көмекшілер қатарына телефон арқылы немесе WhatsApp-қа жазу арқылы кіруге болады: +7 776 4444 979.

ИнЕУ баспасөз қызметі

ИнЕУ туралы көбірек біліңіз:
  • ИнЕУ IQAA-Ranking Қазақстан жоғары оқу орындарының рейтингісінде
  • ИнЕУ студенттік жеңістер шежіресі
  • ИнЕУ «Атамекен» рейтингінде
  • ИнЕУ туралы серіктестердің пікірлері