ИнЕУ студенттерінің Герхард Фридрих Миллерді еске алуға арналған дөңгелек үстелге қатысуы. » Инновациялық Еуразия Университеті
» » ИнЕУ студенттерінің Герхард Фридрих Миллерді еске алуға арналған дөңгелек үстелге қатысуы.
23 октября 2020

ИнЕУ студенттерінің Герхард Фридрих Миллерді еске алуға арналған дөңгелек үстелге қатысуы.

2020 жылғы 21 қазанда Г.Н. Потанин атындағы Павлодар облыстық тарихи-өлкетану мұражайында тарихшы, табиғаттанушы және саяхатшы Герхард Фридрих Миллерді еске алуға арналған дөңгелек үстел өтті.

 


Біздің «География» білім беру бағдарламасының студенттері Павлодар география үйінің өкілдері А.А. Вервекиннің, Н.В. Майбаның, Г.М. Алиеваның, К.А. Шайдуллинаның пікірталастарына қатысып, баяндамаларын тыңдады. Дөңгелек үстел аясында мұражайдың қорлары мен экспозициялары бойынша танымдық экскурсия өтті. Студенттердің пікірлері бойынша, іс-шара қызықты әрі пайдалы болды.  

  

     

Герхард Фридрих Миллер - көрнекті тарихшы, «Сібір тарихының атасы», географ, картограф, академик. Сібірде жұмыс істеген он жыл ішінде орыс тілін білмейтініне қарамастан, ол Ресей тарихы, деректану, география және этнография саласындағы көрнекті маман атағына ие болды.

1733 жылы Витус Берингтің Камчатка экспедициясын зерттеудің тарихи бөлігін басқарды.

Миллер Батыс және Шығыс Сібірдің барлық негізгі әкімшілік орталықтарының мұрағаттарын зерттеді, бөлшектеді, көшірді, өңдеді, жүйеледі, ғылыми айналымға көптеген мұрағат құжаттарын енгізді, олардың түпнұсқалары кейбір жағдайларда жоғалды.

Қазіргі уақытта Сібірдің тарихы, географиясы, этнографиясы, археологиясы, әлеуметтік-экономикалық жағдайы туралы баға жетпес мәліметтері бар материалдар жинағы ежелгі актілердің Ресей мемлекеттік мұрағатында «Миллер портфельдері» деп аталады және бүгінгі күнге дейін тарихи ақпараттың маңызды көзі болып табылады.

Герхард Фридрих Миллердің экспедициялық жұмыстарының нәтижесі Сібір тарихы бойынша ауқымды еңбегі және бірнеше монографиясы болды: «Амурда жатқан елдер туралы Тарих», «Теңіз саяхаттарының сипаттамасы», «Ертістегі бекіністердің құрылысы туралы жаңалықтар», олар Сібірдің Ресейге қосылған сәтінен бастап оның уақытына дейінгі бүкіл тарихын қамтиды.

ИнЕУ баспасөз қызметі
(«Қоршаған орта және химиялық технологиялар» кафедрасының
аға оқытушысы Илюсизова Алена Александровнаның ақпараты бойынша)