Сыбайлас жемқорлыққа қарсы ойлауды қалыптастырамыз! » Инновациялық Еуразия Университеті
» » Сыбайлас жемқорлыққа қарсы ойлауды қалыптастырамыз!
20 ноября 2020

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы ойлауды қалыптастырамыз!

2020 жылдың 20 қарашасында ZOOM платформасында ИнЕУ студенттері мен оқытушыларына арналған «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы сана және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет: мазмұны, рөлі мен функциялары» атты вебинар өтті.

 


Вебинар спикерлері ретінде заң ғылымдарының магистрі, «Құқық» кафедрасының аға оқытушысы Наурызхан Терлікбайұлы Санасыров және құқық магистрі, «Құқық» кафедрасының оқытушысы Арсланбек Ерболатұлы Мұхаметқаиров сөз сөйледі.

Оқытушылар тыңдаушыларға «сыбайлас жемқорлық» деген не және оның қалай көрініс табатыны туралы айтып берді, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің табысты факторлары, сыбайлас жемқорлыққа қарсы білім беру және Қазақстан азаматтарының сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетін дамыту қажеттілігі туралы айтты, сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңдарды және олардың тиімділігін, сыбайлас жемқорлық бұзушылықтары үшін жауапкершілікті талқылады. Студенттер әңгімеге белсенді қатысып, сыбайлас жемқорлыққа қарсы табысты күрес туралы өз ойларымен бөлісті.

  

  

  

Естеріңізге саламыз: ИнЕУ сайтында «ИнЕУ-дің сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаты» бөлімі бар, онда сіз ИнЕУ-дің Академиялық адалдық Кодексімен, ИнЕУ-дің 2020-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясымен таныса аласыз және ИнЕУ-дің сыбайлас жемқорлыққа қарсы штабына жүгіну үшін байланыс деректерін біле аласыз.

ИнЕУ баспасөз қызметі