Консалтинг және қосымша кәсіби білім беру институты
» » Консалтинг және қосымша кәсіби білім беру институты

Консалтинг және қосымша кәсіби білім беру институты

Институт міндеттері:

  • аймақтың қажеттіліктері үшін мамандарды жоғары кәсіби даярлыққа шыңдауға бағдарлған кәсіби білімді дамыту;
  • заманауи технологияларды пайдалана отырып өндірістік міндеттерді тиісті кәсіби деңгейде шешуге қабілетті біліктілігі жоғары мамандарды даярлау;
  • «Өнімділік 2020» бағдарламасы бойынша кешенді жоспарлар құру және сараптама жасау бойынша кәсіпорындарға консалтингті қызметтер көрсету;


Институт мамандарды кәсіби даярлауды төмендегідей бағыттар бойынша жүргізеді:

  • машинажасау;
  • металлургия;
  • көлік, көліктік техника және технологиялар;
  • жылу энергетикасы;
  • электр энергетикасы;
  • технологиялық машиналар және жабдықтар;
  • құрылыс;
  • өмір тіршілігі мен қоршаған ортаның қауіпсіздігі;
  • стандарттау, метрология және сертификаттау;
  • көлікті пайдалану және жүк қозғалысы мен тасымалдауды ұйымдастыру.

Даярлау бағдарламасы 6-9 ай оқуға есептелген. Бағдарлама өндіріс жағдайларындағы теориялық және кәсіби даярлықты, тағылымдамадан өтетін жерді таңдау (соның ішінде шетелде де), кейін жұмыспен қамтамасыз етуді қарастырады.


Оқу түрі:

  • кешкі, өндірістен қол үзбей оқу;
  • күндізгі, өндірістен қол үзіп оқу.

Оқуды аяқтаған соң ИнЕУ дипломы (қосымшасымен) және кәсіби даярлық (тағылымдама) туралы сертификат беріледі.
Институт тыңдаушының қалауы бойынша практикалық даярлықты (тағылымдама) Ресейдің, сонымен қатар алыс шетелдің кәсіпорындарында ұйымдастыра алады.
Институт оқу үрдісіне қала мен республика жоғары оқу орындарының білікті оқытушыларын және ғалымдарын, ұйымдар мен кәсіпорындардың практикалық жұмыс тәжірибесі мол, біліктілігі жоғары мамандарын тартады, сонымен қатар Москва, Омск, Новосибирск қалаларының мамандары мен ғалымдарын шақырады.


Институт төмендегі мәселелер бойынша кәсіпорындар мен ұйымдардың түрлі салаларының мамандарына арнайы курстар мен семинарлар өткізеді:

  • мемлекеттік сатып алу;
  • жобаларды басқару;
  • Қазақстан Республикасында зияткерлік меншікті сақтау және қорғау;
  • құрылыс объектісіндегі және т.б. геодезиялық жұмыстар;

Инновациялық Еуразия университеті жанындағы Қосымша кәсіби білім беру институтына Қазақстан Республикасының «Қауіпті өндірістік объектілердегі өнеркәсіптік қауіпсіздік» заңына сәйкес өнеркәсіптік қауіпсіздік саласында даярлау, қайта даярлау біліктілікті жетілдіру құқығы берілді (Аттестат № 0000870 Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министірлігінің Төтенше жағдайлар мен өнеркәсіптік қауіпсіздікті мемлекеттік қадағалау жөніндегі комитеті).

Стаценко Сергей Анатольевич – Консалтинг және қосымша кәсіби білім беру институтының директоры, техника ғылымдарының кандидаты, профессор.


Қосыша ақпаратты мына мекен-жай бойынша алуға болады: Ломов к-сі, 45, 111-кабинет, телефон: 8 (7182) 67-30-83, E-mail: idpo@inbox.ru


Консалтингтік қызмет көрсету

Бағыттар бойынша өндірісті «Өнімділік 2020» бағдарламасы бойынша жаңғыртудың кешенді жоспарын жасау.

Жоспар құруға ИнЕУ-дің жетекші ғалымдары (ә.ғ.д., экономика профессоры Шеломенцева В.П., т.ғ.к., профессор Стаценко С.А., т.ғ.к. және т.б.) қатысады.


Мамандардың біліктілігін арттыру және қайта даярлау

Төмендегі бағыттар бойынша мамандардың біліктілігін арттыру және оларды қайта даярлау:

  • энергия үнемдеу сараптамасы және энергия тиімділікті көтеру;
  • электр энергетикасы;
  • машина жасау;
  • көлік, көліктік техника және технологиялар;
  • биотехнология;
  • органикалық және бейорганикалық заттардың химиялық технологиясы;
  • стандарттау, сертификаттау және метрология.

Жұмысшы кәсіптеріне оқыту

Жұмыссыздарды жұмысшы кәсіптеріне оқыту:

  • көпірлі және төрттағанды кранбардың машинисі;
  • автомобиль кранының машинисі;
  • бақылау-өлшеу аспаптары және автоматика слесарі;
  • аспаз;
  • өнеркәсіптік жабдықтар слесарі;
  • сандық бағдарламалық басқарылатын станоктар операторы.
* * * * *
+7 (775) 034-00-10
Қабылдау комиссиясы

Павлодар қаласы, Ломов көшесі 45

Пайдалы мақалалар

Жыл сайын біз ең жақсы дереккөздерден жаңа тақырыптарды таңдаймыз. Қазақстанның ғылыми жаңалықтарымен үнемі хабардар болыңыз.

Обратная связь

* * * * * *

Қосымша ақпартты Павлодар қ., Ломов к-сі, 45, 1-ғимарат, 115-каб. мекенжайы бойынша алуға болады. Тел.: 8 (7182) 67-37-37

call@ineu.kz