«Foundation» факультетінің тыңдаушылары алғашқы оқу жылының басталуымен құттықтайды! » Инновациялық Еуразия Университеті
» » «Foundation» факультетінің тыңдаушылары алғашқы оқу жылының басталуымен құттықтайды!
07 октября 2019

«Foundation» факультетінің тыңдаушылары алғашқы оқу жылының басталуымен құттықтайды!

ҚР Тұңғыш президенті-Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың бастауымен шет елдегі қазақтарды өз еліне қайтару мақсатында ұйымдастырылған “Foundation” дайындық бөлімі еліміздің әр қаласында бар.


Осымен екінші жыл қатарынан, шет елден келген қазақ жастарын қабылдап, жоғары оқу орнына дайындап жатқан университетіміз биыл Монголия елінен келген -23 тыңдаушыны қабылдады.

Дайындық бөлімі бүгін қазан айының 1- ші жұлдызы өз жұмысын бастады. Жаңа оқу жылында,тыңдаушыларымызға жаңа жетістктер, шығармашылық, оқуынан табыс, сәттілік тілейміз! Сіздер үшін үлкен үміттер күні болсын!

НұрланТілеген, Жеңіс Аягөз
«Филология және журналистика»
кафедрасының ҚтӘ-101 тобы студенттері